2011 жылғы 29 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
«Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж. №17, 142 құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»; көрсетілген қаулымен бекітілген шекті тарифтерде: «11-топ» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: Тобы Жылдар бойынша шекті тарифтер 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 11-топ 7,23 7,23 7,23 9,54 10,34 10,96 11,62». 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.