30 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1628

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2011 жылғы 29 желтоқсан                   Астана, Үкімет Үйі

«Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж. №17, 142 құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»; көрсетілген қаулымен бекітілген шекті тарифтерде: «11-топ» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: Тобы                         Жылдар бойынша шекті тарифтер 2009     2010     2011       2012       2013       2014       2015 11-топ      7,23       7,23       7,23        9,54        10,34      10,96      11,62». 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.