Қоғам • 09 Қазан, 2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы Елбасы Жолдауын талқылады

187 реткөрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы негізгі басымдықтарды талқылады. Президенттің жаңа бастамалары еліміздің жетекші университетінің оқытушылары мен студенттері тарапынан қызу қолдау тапты. Ғалымдар негізінен кәсіптік даярлау саласына қойылған міндеттерді Кездесуді ашқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Мемлекет басшысының адами капиталдың сапалы дамуына жағдай жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті. Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындарды ЖІӨ-нің 10 пайызға дейін жеткізу еліміздің әлеуметтік дамуын анықтайтын негізгі бағыттарға қуатты серпін береді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыту сапасына қойылатын талаптар артуда. Осыған байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етуге арналған «Университет 4.0» жаңа буын үлгісін іске асыруда.

Экономиканы жаңғыртуға және 4.0 өнеркәсібіне арналған кадрларды  даярлауға бағытталған мемлекеттік даму бағдарламалары аясында ҚазҰУ биылғы оқу жылынан бастап түпкілікті жаңа білім беру бағдарламаларын ұсынуда: электрондық коммерция, сандық лингвистика, Big data, жасанды интеллект, геоинформатика, заттар интернеті, биоинформатика және т.б. АХҚО және Хамад бин Халифа университетімен (Катар) бірлесе исламдық қаржыландыру саласы бойынша магистрлік бағдарлама іске қосылды. «Сандық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚазҰУ алғаш рет ТМД кеңістігінде сандық университет үлгісін құрып,  оқу орнының жұмысын автоматтандыруға арналған бұлтты технологиялар, кампустық инфрақұрылымды басқарудағы ақылды технологиялар, аналитикалық жүйені құру үшін Big Data технологиясын енгізді. ҚазҰУ бастамасымен құрылған Қазақстанның ұлттық ашық білім беру платформасы қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан мен ТМД-да алғаш болып жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті ғылыми топтарды құруға мүмкіндік беретін постдокторантура бағдарламасын ашты.

Мемлекет басшысының идеясын жүзеге асыру мақсатында  университетте халықаралық IT-технопарк құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның негізін ҚХР-дің мемлекеттік гранты – жоғары деңгейдегі суперкомпьютер құрайтын болады. Бұл жобаның жүзеге асырылуын Жаңа Жібек жолы университеттері Альянсының мүшелері болып табылатын әлемнің 130-дан астам жоғары оқу орны қолдады.

Университет Ғылыми Кеңесінің талқылауы нәтижесінде Жолдауды жүзеге асырудың кешенді жол картасы қабылданды. Ол президенттік тапсырмалардың орындалуын, соның ішінде студенттік қалашықта барынша жайлы орта қалыптастыруды, рейтингтік еңбекақы жүйесін жетілдіруді, импорт алмастыратын жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды және жоғары технологиялық қызметтерді ұсынумен қатар оқушылардың кәсіби деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін болады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Иесіз зындан. Дидар АМАНТАЙ

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар