Қазақстан • 09 Қазан, 2018

ШҚО түлектері өзге мемлекеттерге кетпес үшін 400 грант бөлінді

200 реткөрсетілді

Өскеменде өткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасы аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Суретті түсірген Ғылымбек СӘБИТОВ

«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» үшінші бастамасын жүзеге асыру үшін Шығыс Қазақстанда үш бағытты қамтитын «Білікті маман» жобасы әзірленді. Назарбаев интеллектуалдық мектебі үлгісіндегі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша облысқа 1, 636 миллион дана оқулықтар сатып алынды. Аймақтағы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға да ден қойып отырмыз. 2019 жылға дейін 22 647 мұғалім әртүрлі курстардан өтеді. «Менің мектебім» жобасы шеңберінде облыстағы 277 толық комплектілі мектептің 476 кабинеті химия, физика, биология және роботты техника сыныптарымен Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Облыста 277 ІТ-сынып ашылды. «Білікті маман» жобасы аясында өңірдегі жоғары оқу орындарының деңгейін көтеріп, шет елге кетіп жатқан түлектер қатарын азайту үшін екі жылдан бері білім гранттары бөлінуде. 2017 жылы 200 грант бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 400-ге жетті. Оның 219-ы мұғалімдер дайындауға, 82-сі техникалық және технологиялық, 37-сі ауыл шаруашылығы, ветеринария, 31-і өнер, 24-і денсаулық, 7-сі жаратылыстану салаларындағы мамандар әзірлеуге бөлінді», - дейді Әсем Нүсіпова.

Сонымен қатар биыл тұңғыш рет өңірге аса қажет мамандарды дайындау үшін еліміздің жоғары оқу орындарына 46 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы беріліпті.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар