30 Желтоқсан, 2011

Аудандағы жаңа нысан

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Егін» ЖШС негізінен егіншілікпен айналысады. Биыл 7 мың гектар жерге өсірілген астықтың гектар берекелілігі 30 центнерден айналды. Ауылшаруашылық тех­ни­каларын жаңартып алудың ар­қасында көктемгі, күзгі дала жұ­мыстары  сапалы атқарылып жүр. Былтыр күніне 120 тоннаға дейін астық өңдей алатын диірмен-макарон кешенінің бірінші кезегі іске қосылды. Оны салуға «ҚазАгро­Қар­жы» компаниясы тарапынан 150 миллион теңге лизингтік қаражат бөлініп, құрал-жабдықтар Түр­кия­дан әкелінді. 44 жұмыс орны ашылып, астық сақтайтын екі қой­ма бой көтерді. Шаруашылық биыл  үдемелі  индустриялық-ин­новациялық даму бағдарламасы аясында өндірісті одан әрі ке­ңейтіп, 220 миллион теңгелік жо­баның екінші кезегін жүзеге асыр­ды.  Цехтарға бір миллион доллардың италиялық қондыр­ғы­лары орнатылды. 24 адам жұ­мыс­пен қамтылды. Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев қатысқан теле­көпір  кезінде Явленка кентінде орна­ласқан осы заманғы техноло­гия­ларға негізделген диірмен-макарон кәсіпорны пайдалануға берілді. Жалпы, жобалық қуаты жарты миллиард теңгені құрайтын және жылына 4 мың тонна  макарон өнімдерін шығаратын кешен бү­гінгі күні толық қуатында жұмыс істей бастады. Ол тәулігіне 14 тоннаға дейін  макаронның онда­ған түрін шығарады. 100 тонна ұн тарта алады. – Жаңа жылдан бастап өз өнімдерімізді Қазақстаннан тыс­қары жерлерге, атап айтсақ, Ресей мен Өзбекстанға жөнелте бас­тайтын боламыз,– дейді басты инвесторлардың бірі Владимир Чубыкин. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы.