10 Қазан, 2018

Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең өтеді

74 реткөрсетілді

«Шерхан Мұртазаны 11 қазан күні сағат 10.00-де М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынан ақтық сапарға шығарып салады. Жазушы Кеңсай зиратына жерленеді. Қоштасу рәсімін өзі туып-өскен Жамбыл облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері, Жазушылар одағы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бірге ұйымдастырады», - деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.

Естеріңізге салсақ, халық жазушысы кеше шамамен 18:30-да Алматы қаласындағы үйінде ауыр науқастан қайтыс болды. Жазушы қыркүйек айында 86 жасқа толған еді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар