11 айда шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 2,5 пайызға артты. Кәсіпорындар саны Қазақстанда 2011 жылдың қаңтар-қазан айларында 4,2 пайызға ұлғайды. Бүгінде елде белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілері саны 695 635 бірлікті құрайды. Мұндай тенденция, халықаралық сарапшылардың айтуынша, елдегі бизнес-ахуалдың жақсаруынан пайда болған.
Барлығы тәуелсіздік жылдарында шағын және орта бизнес субъектілері 35 еседен астамға артты, деп атап өтті Президент Нұрсұлтан Назарбаев 15 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста. 1993 жылғы 19 мыңнан 2011 жылы 671 мыңға дейін ұлғайды. Біздің 2 миллионнан астам азаматтарымыз осы салада өздеріне жұмыс тапты. Соңғы 10 жылда экономиканың осы секторының шығарған өнімдері 20 есе өсіп, бүгінде 7 триллион теңгені құрайды. Биыл Бүкіләлемдік банктің рейтингінде Қазақстан бизнес жүргізуде, ТМД-ның бүкіл елдерін артқа қалдыра отырып, құрметті 47-ші орын алды, деді Мемлекет басшысы.
Бүкіләлемдік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының бағалауы бойынша, «Бизнесті жүргізу-2012» рейтингінде Қазақстан шетел инвесторлары үшін Орталық Азиядағы неғұрлым тартымды ел болып табылады. «Қазақстан мүдделі жақтар арасындағы мәмілелерді қуаттауға қатысты талаптарды өзгертіп және мүдделі жақтар арасындағы мәмілелерден олқылық шыққан жағдайда талап-арыз беру үдерісін жеңілдетіп, инвесторлар құқын қорғауды күшейтті», делінген Бүкіләлемдік банктің баяндамасында. Еліміз 11 сатыға көтеріліп, 47-ші орын алды – бұл ТМД елдері арасындағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі.
«Doing Business» рейтингінде кәсіпкерлік қызметті реттеу және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі реформаларды енгізуге, сол сияқты 183 елдің жергілікті компанияларына ықпал ететін реттеуші нормаларға баға беріледі. Бүтіндей алғанда, көптеген позициялар бойынша, тіпті салық салу мен әкімшілендіру сияқты бөлікте де оң нәтижелер алынды, деді Кәрім Мәсімов 15 қарашадағы Үкімет отырысында. Сонымен бірге, ол екі индикатор бойынша Қазақстан позициясының жоғары емес екенін атап өтті. Жүргізілген жұмыстарға қарамастан «Құрылысқа рұқсат алу» және «Халықаралық сауда» индикаторлары бойынша республика тиісінше 147 және 176-шы орындар алады. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі базасында топ құрып, құрылыс бойынша қомақты нәтижелерге жетуіміз үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажет, деді Үкімет басшысы.
Ол нәтижелерді жақсарту үшін белгілі бір ұсыныстар әзірлеп, енгізу жөнінде Экономикалық даму және сауда министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Оның сыртында Қаржы министрлігіне ең қысқа мерзімде электронды декларацияға көшуді жүктеді.
Бүгінде Қазақстанда кәсіпорындар өндіретін өнімдер көлемі 2,5 пайызға артты, бұл жөнінде Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов 28 желтоқсандағы Үкіметтің қорытынды отырысында хабарлады. Кәсіпкерлік дамуының неғұрлым жақсы көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында байқалады, деді ол.
Сонымен бірге, Астанада қаланың статистика департаментінің мәліметтері бойынша, рынокта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2011 жылдың 1 желтоқсанына қарасты 44,4 пайызға артып, 38926 бірлікті құраған. Соңғы 2 жылда Астанада шағын кәсіпорындардың 10,8 мың, белсенді кәсіпорындардың 7,4 мың бірлікке төмендеу динамикасының байқалып отырғанын атап көрсету қажет. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша оңтүстік Астанадағы белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны тіркелген кәсіпорындардың 50,2 пайызын құрайды.
Зарина КӘРІМОВА.

Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 20:35
Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың шығармашылығына арналған кеш өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:21
Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады
Қоғам • Бүгін, 19:37
1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады
Әскер • Бүгін, 19:22
Астанада альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 19:12
Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 18:37
Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:25
«Ауыл» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:17
Елордада тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Бибісара Асаубаева Кипрде өтетін Үміткерлер турнирінде бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 17:52
Енді міндет емес, құқық: Жаңа Конституция жобасында Құрылтайға қатысты норма нақтыланды
Ата заң • Бүгін, 17:36
Қарулы күштерде 150 әскери қызметші-парамедик даярланады
Әскер • Бүгін, 17:32
Қырғызстан президенті Камчыбек Ташиевті қызметінен босатты
Әлем • Бүгін, 17:22
Олимпиада-2026: Шорт-трекшілер жарыс жолынан шығып қалды
Қысқы спорт • Бүгін, 17:15