Спорт • 10 Қазан, 2018

2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Сенегалда өтеді

1010 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Сенегалда өтеді, деп хабарлайды Euronews. 

2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Сенегалда өтеді

Бұл шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті Буэнос-Айрестегі сессияда бірауыздан қолдады. Сенегалда өтетін халықаралық дода Африка құрлығындағы алғашқы Олимпиада жарысы болмақ.

Сенегал президенті Макси Салл: «Бұл шешіміңіз Олимпиада тарихында болмаған жағдай. Біздің мемлекет пен түгел Африка құрлығы үшін үлкен мәртебе», деді.

Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдер арасында Сенегалдан бөлек Ботсвана, Нигерия мен Тунис мемлекеттері болды. Ойындар Сенегалдың Дакаре, Дяньядьо, Сали қалаларында мамыр немесе маусым айларында өтпек. Өз кезегінде Маки Салл 50 мың орындық олимпиада стадионының құрлысына қолдау көрсететінін айтты.

Ал 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқанын еске саламыз.