Аймақтар • 10 Қазан, 2018

Ақтауда Қазпошта бөлімшесі ашылды

81 реткөрсетілді

«Қазпочта» АҚ Маңғыстау ОФ клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа қағидаты енгізілді. Бөлімшенің ашылуына салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. Аймақ басшысы Қазпошта бөлімшесін аралап, клиенттер үшін бірнеше аймаққа бөлінген: жеке тұлғаларға арналған қаржы қызметтері бойынша операциялық залдар, посылка супермаркеті мен айырбастау пунктін аралап көрді.

- «Трансформация»  және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары аясында Қазпочта Халықаралық ұйымдарға кіруден бастап электрондық коммерциямен, қызметтерді цифрландырумен, онлайн-банкингпен байланысты инновациялық жобаларға дейін қызмет саласын кеңейтті. Егер бұрын Маңғыстау облысына 30 мың бірлік хат-хабар келсе, электрондық коммерцияның жылдам дамуы арқасында қазір 90 000-ға дейін келеді. Егер бұрын байланыс бөлімшелеріне адамдар сәлемдемелер мен хаттарды жіберу немесе алу үшін жүрсе, қазіргі уақытта Қазпоштаға адамдар аударымдарды жіберу, несиені өтеу, депозитті толтыру, карталарды шығару және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жүгінеді. Бұл бөлімдердегі кезекті қысқартуға мүмкіндік береді және халыққа көбірек жайлылық береді, деді әкім Ералы Тоғжанов.

2012 жылдан 2016 жылға дейін Маңғыстау облысында үш Посылка супермаркеті ашылды. Мұнайлы ауданындағы пошта бөлімшесі жаңа ғимаратқа көшті. Сонымен қатар, Атамекен кентінде жаңа технологиялармен жабдықталған жаңа мобильді пошта бөлімшесі ашылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар