31 Желтоқсан, 2011

2011 жылдың 11 айтулы оқиғасы

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1. 28 қаңтарда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. 2. 30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Астана және Ал­маты қалаларында VІІ қысқы Азия ойындары өтті. Қазақ­стан 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медальмен жеңімпаздар көшін бастады. 3. 5 наурызда ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан әйел­дерінің съезі өтті. Ол еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. 4. 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді. 5. 25 мамырда елордадағы Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайы ашылды. 6. 7-9 маусымда Қазақстан астанасында 7-ші Дүние­жүзілік Ислам экономикалық форумы (ДИЭФ) болып өтті. 7. 15 маусымда Астанада ШЫҰ құрылғанына 10 жыл толуына орай мерейтойлық саммит өтті. 8. 16 шілде «Қазсат-2» екінші қазақстандық спутник (байланыс серігі) ұшырылды. 9. 1 қазанда ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер Денсаулық сақтау министрлерінің ІІІ Ислам конференциясы аясында Астана декларациясы қабылданды. 10. 12 қазанда Семей сынақ полигоны жабылуының 20 жылдығына арналған «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумы өтті.

11. 19-20 желтоқсанда Елбасы Н.Назарбаев Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 20 жылдық жұмысын қорытындылаған ТМД елдері басшыларының мерейтойлық бейресми саммитіне қатысты.