31 Желтоқсан, 2011

Көлік кілттері тапсырылды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақжайық аймағын нағыз сулы өлке деуге болады. Мұнда жалпы ұзын­дығы үш мың шақырымға жуық өзендер және екі жүзден астам су айдын­да­ры бар. Сөз жоқ, мұндағы балық қорын қорғауда мемлекеттік балық инс­пек­циясының рөлі жоғары. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Салықов Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы коми­теті төрағасының ұсынысына сәйкес инспекторларға жаңа «УАЗ» авто­кө­лік­терінің кілттерін табыс етті. Бұл заңсыз балық аулаушылармен және шет жер­ге балық өткізушілермен күресті күшейту мақсатында беріліп отыр, деді ол. Осы рәсімде белгілі болғандай, Батыс Қазақстандағы балық инспек­циясы ұжымына қызмет көлігі жиырма жылдан бері алынбапты. Мысалы Орал өңіріндегі кейбір өзен-көлдердің ара-қашықтығы бес жүз шақы­рым­ға дейін жетеді. Әрине оған бару үшін бірінші кезекте сенімді көлік керек. Мекемедегі жалғыз әрі ескі «Нивамен» оған үлгере аласың ба? Енді мұнда екі-үш инспекторға бір жаңа көліктен келіп отыр. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы.