Аймақтар • 12 Қазан, 2018

Қарағандыда дирижер Қанат Ахметовтің құрметіне атаулы жұлдыз қойылды

103 реткөрсетілді

Кеншілер астанасында «Әуенді Сарыарқа» халықаралық фестивалінің шымылдығы салтанатты түрде ашылды. Осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отырған өнер байқауы 15 қазанға дейін жалғасады. Фестиваль басталмас бұрын Қарағандыдағы «Жұлдыздар аллеяда» белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Қанат Ахметовтің құрметіне атаулы жұлдыз қойылды.

– Мен өте бақыттымын. Осындай ниеттеріңіз үшін, менің еңбегімді бағалағандарыңыз үшін басымды иіп алғыс айтамын. Фестиваліміз болашақта да жанданып, әрдайым көрерменін қуанта берсін, деді атақты дирижер.

«Жұлдыздар аллеясы» Қарағандының орталық саябағына кіреберісте, «Кенші даңқы» ескерткішінің жанында орналасқан. Ол 2007 жылы «Қарағанды – жастығымның қаласы» атты бірінші ретро-фестиваль кезінде ашылған болатын.

«Жұлдыздар аллеясы» ел мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан, шығармашылығымен Қазақстанды әлемге танымал еткен тұлғаларға арналған. Аллеядағы алғашқы жұлдыз халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға орнатылды. Сондай-ақ, бұл жерде Роза Рымбаева, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Қайрат Байбосынов, Ескендір Хасанғалиев, Мақпал Жүнісова, Болат Сыздықов сынды өнер майталмандарының атаулы жұлдыздары бар.

 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Кеше

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар