Қазақстан • 13 Қазан, 2018

СІМ басшысы «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің жұмысымен танысты

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі алаңында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға шетелдік әріптестерді тарту мәселесі бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты талқылады.

 СІМ басшысы «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің жұмысымен танысты

Технологиялар трансфертіне, «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің негізінде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шетелдік әріптестерді тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. 

Шетелдік венчурлық қорларды, ірі халықаралық IT-командалар мен компанияларын тартуға, сондай-ақ роуд-шоуларға, бизнес-форумдарға және «Astana Hub» жұмысын дәріптеу үшін басқа да іс-шараларға қатысуға жәрдемдесу қажеттігі аталды. Сонымен қатар, халықаралық технопарктің шетелдік әріптестерінің визалық қолдау және олардың Қазақстанда болуын реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.