Қазақстан • 13 Қазан, 2018

Алихан Байменов Канаданың аудит жөніндегі бас атқарушы директоры Брайан Филбинмен кездесті

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов Канада Кірістер агенттігінің Аудит, бағалау және тәуекелдер жөніндегі комиссарының орынбасары –Аудит жөніндегі бас атқарушы директоры Брайан Филбинмен кездесті.

Алихан Байменов Канаданың аудит жөніндегі бас атқарушы директоры Брайан Филбинмен кездесті

Тараптар Астана хабына қатысушы елдердің мемлекеттік қызметшілеріне арналған аудит, бағалау және тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша бірлескен тренингтер мен семинарлар өткізу мүмкіндігін талқылады.

Алихан Байменов: «Мемлекеттік органдардың аудит және бағалау жүйесі - мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудың маңызды факторы. Бұл - аймақ елдерінде әлі де жетілдіруді қажет ететін бағыттардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, Канада тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырып отыр» - деп атап өтті.

Өз кезегінде Брайан Флинбин мырза: «Мемлекеттік құрылымдардың қызметін бағалауда ең маңыздысы: біріншіден - тәуекелдерді басқаруды, екіншіден - адами ресурстарды басқаруды бағалау. Өйткені кез келген жүйеде адамдардың рөлі аса маңызды. Барлық өзгерістерді адамдар жүзеге асырады, сондықтан қызметкерлерді сапалы іріктеу және басқару - негізгі фактор», - деді.

Тараптар өзара ынтымақтастықтың келесі нақты қадамдарын айқындады. Қазіргі таңда, Астана хабының қатысушы елдерінің құрамына 40 мемлекет кіреді, солардың ішінде ЭЫДҰ, ТМД, Кавказ, Орталық Азия және ACEAН елдері де бар.