Аймақтар • 13 Қазан, 2018

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сарапшылық топтың кеңейтілген отырысы өтті

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сарапшылық топтың Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын насихаттау бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сарапшылық топтың кеңейтілген отырысы өтті


Жиында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ләззат Қаржаубаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Жастар денсаулық орталығы» КММ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанар Қалмақова, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұлттық «Үздік ұстаз-2017» байқауының жеңімпазы Сәуле Әлденова, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев Жолдауға байланысты байламдарымен бөлісті.

Елбасының стратегиялық құжат бойынша берген тапсырмаларын орындау баршаға байланысты екендігі айтылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ