Саясат • 13 Қазан, 2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Мысырдағы Елшісінің брифингі өтті

144 реткөрсетілді

 Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиевтың қазақ-мысыр ынтымақтастығы мен оның даму перспективалары туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған арнайы брифингі өтті.

Брифинг барысында Елші Қазақстан мен Мысыр арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндама жасады.

Қазақстан үшін Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы маңызды серіктес ел болып табылатын Мысырмен сенімді саяси диалог, халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде тығыз ықпалдастық орнатылғандығы басып айтылды.

Мысыр Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық халықаралық және аймақтық бастамаларын, атап айтқанда, ядролық қаруларды таратпау, дінаралық диалог, терроризмге қарсы күрес және тағы басқа да халықаралық бастамаларын қолдайды.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар