Аймақтар • 13 Қазан, 2018

Павлодарда көмірді тасымалдаумен 300-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік орындары айналысуда

345 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдің көмірге деген сұранысы 428 мың тоннаны құрайды. Бұл күндері көмірді тасымалдаумен 300-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік орындары айналысуда.

Павлодарда көмірді тасымалдаумен 300-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік орындары айналысуда

Ал, облыс орталығында «Элит KZ», «А-Вест Павлодар» және «Север-Энергоугольснаб» ЖШС-тары жеткізілген көмірді сатуда. Жанар-жағар май отынының баға тұрақсыздығына орай, көмір бағасы да тұрақты реттелмей, өзгеріп тұруы да мүмкін.

Басқарма мамандарын айтуынша, көмірдің бағасын кеніштер бекітеді. Қазір әкімдіктермен көмір жеткізу бойынша келісішарттар жасалды. Мысалы, «Майкөбен-Вест» ЖШС биыл көмірдің 1 тоннасын 6500 теңгеге өткізбекші. Көмір қоры еркін саудада жеткілікті. Қарағандыдағы Шұбаркөлдің көмірінің тоннасы 17 мың теңге, Майкөбе көмірі 12 мың теңге. Тұрғындар Семейдің Қаражыра көмір кенішінің де көмірін тұтынады.

Өңірдегі көмір сату қорларында қазір 18 мың тонна көмір бар, оның 14,2 мың тоннасы - қоңыр көмір, 3,8 мың тоннасы – тас көмір. Ауылдардың алыс-жақындығына қарай, көмірдің түрі, сапасына сай бір тоннасы 6800-17000 теңге аралығында тұрады. Көмір саудалайтын серіктестіктердің тиісті сертификаттары бар, салық, эмиссия сынды міндетті төлемдерді жасайды. Аталған сауда орындары көмірді әкімдік ұсынған баға бойынша сатады.

Басқарма мамандары тұрғындарға көмірді ертерек алуды ескерттік. Қазір өңірдің қала-аудандарындағы көмір сататын орындар толып тұр. Қажет болған жағдайда тағы да жеткізіледі,-дейді.

Мысалы, Шарбақты ауданындағы әлеуметтік сала нысандарының 35-і көмірмен, 12-і электр қуаты арқылы жылытылады. Бұл күндері аудандағы бұл нысандар 14 235 тонна көмірмен қамтамасыз етілді. Барлық жұмысшылардың қазандық жабдығымен жұмыс жасауға рұхсат беретін құжаттары да бар.

Коммуналдық-тұрмыстық сала мен ауыл, қала тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету үшін облыстық әкімдік арнайы Жол картасын бекітті. Бұл мәселеге жауаптылар мен негізгі шаралар белгіленді.

мәліметінше, өңірдегі әлеуметтік сала нысандарының қазандықтарына алдағы қысқа 141 мың тонна көмір сатып алу үшін 1,4 млрд теңге қарастырылыпты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР