Футбол • 13 Қазан, 2018

Латвия - Қазақстан 1:1

313 реткөрсетілді

Ұлттар лигасындағы кезекті ойынында Қазақстан құрамасы Латвиямен тең ойнады. 

1-тайм

Ойын алдында Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі шығысымен Сергей Малыйдың орталық қорғаушы болып, ал Бахтиер Зайнутдиновтың ортада ойнайтынын байқадық. Бұл екі ойыншы негізгі құрамда күнде ойнап жүрген футболшылар емес еді. Бұл екі ойыншының бірден алаңға шығуының да өзіндік мәні бар. Жасыл алаңда аяқдопшылар бір-бірін жақсы түсінісуі үшін олардың клубтық деңгейде де бір ұжымда ойнағаны құптарлық. Сол секілді Сергей Малый шығысымен біздің қорғанысымыз түгел «Астана» ойыншыларынан құралды. Себебі, оның қасында Абзал Бейсебеков, Евгенийц Постников, Дмитрий Шомко секілді жігіттер орналасты. Ал жартылай қорғаныс «Қайрат» пен «Астананың» қоспасынан тұрды. Бахтиер Зайнутдиновтың қасында елордалық Роман Мұртазаев, сондай-ақ «Қайратта» ойнайтын Георгий Жуков, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан болды. Шабуыл шебінде соңғы кездері жанкүйерлер тарапынан сын садағына ілініп жүрген Алексей Щеткин шықты.

Матч бірден алма-кезек шабуылдармен бастала ма деген ойымыз іске аспады. Керісінше, екі команда бір-бірін алыстан байқасып, көз сүзісіп жүрді. Тек арагідік алаң иелері алыстан соққы бағыттап отырды. Ал ойынның 17-минутында отандастарымыздың алғашқы шабуылы бірден голға айналды. «Астана» сапында «Ренн» қақпасына баспен гол соққан Зайнутдинов бұл жолы да белсенділігімен көзге түсті. Есепте алға шыққан қазақстандық ойыншылар «Даугава» стадионында өте сенімді қимылдай бастады. Иә, бұл біздің футболшылардың әдеті емес пе? Әрқашан жеңіске жетіп жатқанда одан әрі екіленіп, шабыттана ойнап кететін. Бұл жолы да Бауыржан Исламхан бастаған жартылай қорғаушылар арлы-берлі пастар беріп, қарсыластың басын шыр айналдырды. Ортадағы ойыншылар бірінші таймды өте жақсы өткізіп жатқанының арқасында қапталдағы Жуков пен Мұртазаевтың көп қателіктері білінбей жатты. Жалпы алғанда оң қапталдағы іс-қимылдар көңіл-көншіте қоймады. Жарақатынан айыққан Жуков шынын айтқанда жарақат алып қалған Еркебұлан Тұңғышбаевтың орнына шыққан болатын. Ал оған қарағанда құрамада тәжірибиелі саналатын Абзал Бейсебековтің шабуылға шығуға мұршасы болмай жатты.

Кездесудің 40-минутында орталық қорғаушылардың қателігінен қақпамызға гол енді. Бойы ұзын деген Сергей Малый мен Евгений Постниковтар әуедегі допқа талас барысында дәрменсіз қалды. Допқа иелік еткен «Ақжайық» ойыншысы Артур Карашаускас қақпамызға гол соғып кетті.  

2-тайм

Екінші тайм басталысымпен Қазақстан құрамасы допқа көп иелік етіп, қарсыласты айып алаңына тықсыра берді. Бірақ, көп шабуылдардың ешқайсысы нәтиже бермеді. Бас бапкер Стнимир Стоилов шаршаңқы жүрген Зайнутдиновты алып, орнына Еркебұлан Сейдахметті шығарды. Еркош оң қапталдан орын алып, Георгий Жуков өзінің үйреншікті орны ортаға келді. Исламхан-Жуков жұбы кезінде жастар құрамасында керемет үйлесіп еді ғой. Алайда, Жуковтың ортаға ойысқанына он минут болмай, Бауыржан Исламхан жарақат алып, амалсыз алаңдағы орнын босатты. Станимир бапкер Исламханның орнына ойынға Максим Фединді салды. Федин Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойынына шығып, «Тобылдағы» позициясы сол қапталдың вингері қызметін атқара жөнелді. Ал ол жерде ойнап жүрген Мұртазаев таза шабуылшыға айналды. Роман да он минуттай ойнаған соң орнын Бауыржан Тұрысбекке босатты. Осының барлығын қарап отырып, көп позицияда тұрақты футболшылар жоқ екенін, ойын барысында бір орында тұрақты ойнайтын футболшылар көп еместігін байқаймыз. Құрамамызда тек қорғаушылар ғана өзгеріссіз ойнады. Қалғаны түгел алаңда орындарын алмастырып шықты.

Есеп 1:1, матч тең аяқталды. Ал Грузия құрамасы Андорраны 3:0 есебімен айқын жеңді. 

Ермұхамед МӘУЛЕН,

Латвиядан

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар