Футбол • 14 Қазан, 2018

Станимир Стоилов: Қазақстан футболына жақсы шабуылшылар керек

293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов ойын соңынан кейін баспасөз мәслихатына келіп, өз ойын айтты.

Станимир Стоилов: Қазақстан футболына жақсы шабуылшылар керек

- Екі команда да жақсы ойнады. Тартысты матч өтті. Бізде бар мүмкіндіктердің біразы голға айналмады. Қақпамызға болмашы гол жіберіп алдық. Ал жалпы футболшылардың көрсеткен өнеріне ризамын.

- Алаңға алмасып кірген ойыншылар қарқынды күшейте алды ма? Жалпы олардың ойыны көңіліңізден шықты ма?

- Екінші таймда ойыншыларды алмастыруға асықпадым. Өйткені, ойын жақсы өтіп жатты. Бірақ алаңға алмасып кірген ойыншылар ойынды қатты күшейтті дей алмаймын.

- Андоррамен болған матчтан кейін де шабуыл шебінде мәселелер көп деп ақталып едіңіз? Енді осы жағдайдан кейін қандай шешім шығарасыз?

- Шабуыл шебінде бізде мәселе көп. Әрине, Андорраға стандарттан гол соққанымызда бұлайша сөйлеп отырмас едік. Жалғыз өзгеріс жасауға болады. Ол қазіргі құрамға алынған қосалқы ойыншыларды алмастырып шығару. Одан басқа Қазақстанда мықты шабуылшылар жоқ. Елдегі ең мықты ойыншылар осында жүр. Бұл біздің басты проблемамыз. Андрорраны сенімді түрде жеңуіміз керек болса, бүгін Латвияның мықты қарсылас екенін байқадық.

- Турнирлік маңыздылық қалмаса алдағы ойындарда қандай өзгерістер жасауыңыз мүмкін?

- Жақын арада команданы жасарта беретінім анық. Алдағы екі үш ойында көп нәрсе өзгерткім келмеді. Жастар құрамасындамаған ұнайтын 3-4 ойыншы бар. Олар жақын арада құрамаға алынады. Ұлттық құраманы дамыту мақсатында керекті ойыншыларды алуға тырысамыз. Грузияның жеңісінен кейін, екі команда да келесі кезеңге өтетін ешқандай мүмкіндік қалмады. Сондықтан да, қалған ойындарда эксперименттік жағдайлар орын алары түсінікті.