Қазақстан • 14 Қазан, 2018

Аса қауіпті қарулы ұйымдасқан топ әрекетінің жолы кесілді

189 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2018 жылғы 10 қазанда Алматы қаласында Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысының тұрғыны К. Әлиев жетекшілік еткен аса қауіпті қарулы ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеп, жолын кесті.

ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен жүргізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топ жетекшісі К. Әлиев және оның 5 белсенді мүшесі: Т. Әлиев, А. Дартаев, Д. Терешин, С. Дидик және Ж. Қалтай ұсталды.

Қылмыстық топтың негізгі құрамы құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінен тұрғаны анықталды, олар 2018 жылғы 13 қыркүйекте  Жамбыл облысының  Отар  станциясында   кәсіпкер  Р. Агагуллинге қарулы қарақшылық шабуыл жасап, 107 мың АҚШ долларын, 4 млн. ресейлік рубль мен 23 мың еуроны иеленген.

Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 8 пистолет пен мылтық, 140 дана оқ-дәрі, радиостанциялар, жалған автомобильдік тіркеу белгілері, матадан жасалған бетперделер, кісендер мен қарақшылық шабуыл жасауға арналған басқа да құралдар табылды және алынды.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар