Қазақстан • 14 Қазан, 2018

Қазақстанда халық саны 18,31 миллионға жетті

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда халық саны 18 млн 311,7 адам болды. Бұл өткен жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда 237,6 мың адамға көп немесе 1,3 пайыз өскен, деп хабарлайды  Ұлттық экономика министрлігінің Статистика агенттігі.

Қазақстанда халық саны 18,31 миллионға жетті

Есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 555,8 мың адам немесе 57,6 пайыз, ал ауыл халқының саны 7 млн 755,9 мың адам немесе 42,4 пайызды құраған. 2018 жылдың қаңтар, тамыз айлары аралығында елімізге келіп тіркелгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 22 пайыз азайып, көшіп кеткендер саны 13,9 пайызды құрады.

Негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдері бойынша өтіп жатыр. ТМД елдерінен келген адамдар үлесі 77,9 пайыз, көшіп кеткендер үлесі - 90,8 пайыз болды.