Руханият • 14 Қазан, 2018

Мырзатай Жолдасбековтің жеке коллекциясынан көрме өтті (фото)

452 реткөрсетілді

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековпен кездесу кеші және «Тұлға барда, кітап бар» атты жеке коллекциясынан көрме өтті.

Көрмеге қаламгердің жеке коллекцияларындағы ордендері мен төсбелгілері, елімізге белгілі авторлардың қолтаңбасымен сыйға берілген кітаптары мен жазушының соңғы жылдары жарық көрген еңбектері  қойылады.

Бұдан 4 жыл бұрын өмір бойы жинаған 10 мыңнан астам кітабын Ұлттық академиялық кітапханаға сыйға тартқан ғалым бұл жолы да содан бергі жиналған кітаптары мен орден, медальдарын әкеліпті. Көрмеге көрнекті тұлғаның әр жылдары алған 79 медаль, 4 ордені қойылған.

Кездесу барысында Мырзатай Жолдасбеков сөз сөйлеп: «Маған бәрінен де кітаптарым қымбат. Көбі жүріп өткен жолдарымның куәсіндей ыстық. Онда небір қазақтың марғасқаларының қолтаңбасы бар. Мысалы, Әбділдә Тәжібаев бір кітабына «Өзімнің өзегімнен жаралғандай Мырзатайыма!» деп жазыпты, кейде кітаптарымды ақтарып, сол кісілерді еске аламын. Ал, орден, медальдарды да түгелге жуық Тәуелсіздік кезеңінде алыппын. Соның көбін Елбасының қолынан алған екенмін. Бұларға қарап отырып Тәуелсіздікке шамамша қызмет еткеніме тәубе деймін», – деді.

Кездесуде Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Әулиев, белгілі ғалым Ғарифолла Есім, жазушы Болат Бодаубай және Қатимолла Бердіғалиев, Айгүл Үлкенбаева, Ұлжан Байбосынова секілді өнер қайраткерлері қатысып, айтулы тұлғаға ыстық лебіздерін айтып, жиналған көпке өнерден шашу шашты.

«Бұл – ұрпаққа өнеге. Бүгін осында келген көрермендер «бір адамда осынша медаль бар ма?» деп таңғалысты. Оның бәрі әрине, Тәуелсіз елде тұлғаның еңбегінің бағалануын көрсетеді. Шынымен ұрпаққа үлгі боларлық іс тындырған адамның ел алқауына бөленетіндігін көрсетеді. Бір өзі бір ауданның кітапханасындағы кітаптан көп кітап сыйлағанының өзі өнеге емес пе?», – дейді кітап мұражайының жетекшісі Мөлдір Баймұқамбетова.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 7

Руханият • Кеше

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Кеше

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Кеше

Кедергісіз келешек

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар