Аймақтар • 14 Қазан, 2018

Еліміздің Батысындағы әскери бөлімдер жас сарбаздарды қабылдауға дайын

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде 2018 жылғы күзгі шақыруға жас толымды қабылдауға жаппай жоспарлы дайындық жүргізілді.

Еліміздің Батысындағы әскери бөлімдер жас сарбаздарды қабылдауға дайын

Әскери қалашықтарда қызметтік үй-жайлар мен ғимараттардың профилактикалық жөндеуі жүргізілді, казармалар қажетті мүкәммал және мүлікпен толық жабдықталды, сабақтарды өткізу үшін оқу-материалдық база жаңартылды.

Келген жас толыммен әскери психологтар сауалнама және тестілеу жүргізіп, содан кейін бөлімшелердің командирлері үшін жеке құраммен жұмыс жасау үшін жеке ұсынымдарды әзірлейді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Серік Сейітбаевтың айтуы бойынша, әскери бөлімдерге келген соң жас толым жабдықталымның барлық түрлеріне қойылды және бөлімшелер бойынша бөлінді. Бөлу кезінде қайта тереңдетілген медициналық тексеру және психологиялық тестілеу жүргізіледі. Жас толымды зерделеу кезінде білім деңгейі мен мамандықтың болуына, мінез-құлық ерекшеліктері мен іскерлік қасиеттеріне, әр әскери қызметшінің жеке ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады.

Жаңа жағдайға бейімделу үшін жас толыммен жалпыәскери дайындық курсы өткізіледі. Оның барысында келген әскери қызметшілер жалпыәскери дайындық негіздерін зерделеп, күнделікті қызметтің әр түрінде іс-қимыл жасау машығы мен білімді жинақтайды.

Курс аяқталған соң мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер Әскери ант қабылдайды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы