Спорт • 14 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстанда әмбебап теннис орталығы ашылды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов және аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен «Жас өркен» ықшам ауданында заманауи теннис орталығының ашылу рәсімі өтті.

Солтүстік Қазақстанда әмбебап теннис орталығы ашылды

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында заманауи үлгіде салынған спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына 2 миллиард 640 миллион теңге жұмсалды. 7238 шаршы метр аумақты алып жатқан орталық 4 жабық және 3 ашық теннис кортынан тұрады. Тренажер залы, медициналық қосын, киінетін, жуынатын бөлмелер, конференц зал, дәмхана, нұсқаушылар кабинеттері жұмыс істейді. Волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерімен де шұғылдануға болады. Трибуна1200 адамға лайықталған.

Теннис орталығының құрылысына «ForteBank» АҚ-ы қаржы құйды.

«Мұнда «ITF», «ATF» халықаралық талаптатарына сай турнирлер өткізуге болады», дейді Қазақстан теннис федерациясы президентінің орынбасары Дияс Досқараев.

Кешеннің директоры Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, қазірдің өзінде 250 бала тенниспен айналысуға тілек білдірген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38