Бағдарламалар • 15 Қазан, 2018

Жетістіктерге жеткізер жоспар

341 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жетістіктерге жеткізер жоспар

Елбасы өзінің биылғы «Қазақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған 6 нақты қадамды атап өтті.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын Қостанай облысының жастары ыстық ықыласпен, асқан қуанышпен қарсы алды. Бір айта кетерлігі, Қостанай облысын­да орналасқан 6697 әскери бөлім­нің офицерлері, келісімшарт қыз­мет­керлермен қатар сарбаздар Жол­дауды тікелей эфир барысында тыңдай алды. Елбасы жас­тар мәселесін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Елдің келе­шегі, тәуелсіздікті одан әрі тұғыр­л­андыратын, Елбасының ауқым­ды стратегиялық межелерін, мақсат­тарын іске асыратын да жастар екені даусыз. Сондықтан да Елбасы қашанда жастардың мәселесіне ерекше назар аударып, әрбір Жолдауында жастарға үлкен ықылас танытады. Келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы өңіріміздегі жастар саясатын ілгерілетуге тағы да бір үлкен серпін беретініне сеніп отырмыз. Біздің облыстағы жас сарбаздардың әлеуеті өте жоғары. Біз қазіргі таңда Елбасының алға қойып отырған мәселелерінің барлығын зерделеп, зерттеп, бірқатарын іске асыруды тыңғылықты түрде бастап та кеткенбіз. Биылғы Жолдау жасап жатқан жұмысымызға, қазіргі іске асырып жатқан жобаларымызға тағы да бір серпін беретініне көзіміз жетіп отыр.

Жолдау аса маңызды мәселе – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр. Елбасы анық­­та­ған алты вектор бірінен-бірі туын­дап қана қоймай, сонымен қатар бірін-бірі толықтырушы болып табылады және құжаттың кемел ойластырылғаны оның ке­шен­ділігін одан бетер дәлелдей тү­седі. Жолдаудың соңында әр­бір қа­зақстандықтың еліміздегі өзге­­рістер үдерісіне атсалысу мә­се­лесіне айрықша назар аударылады. Олай болса әрқайсысымыз жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіспіз. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Елбасының Жолдауы ә дегеннен-ақ өзінің көкейкестілігімен ха­лық арасында кең қолдауға ие болды. Біздің міндетіміз – қысқа уа­қытта аталмыш құжатта жүктел­ген тапсырмаларды жүзеге асыру. Жарқын болашағымызды достықта, келісімде және бірлікті құру­дың қажеттігін түсінетін уақыт келді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу­де қоғамның қолдау көрсетуі бұдан да артық нәтижелерге қол жеткі­зуге және әлемнің дамыған 30 мемле­кетінің қатарына кіруге өз септігін тигізетініне кәміл сенімдімін.

Ерлан ИПАТОВ,

6697 әскери бөлім командирі,
подполковник

Қостанай облысы