Әлем • 15 Қазан, 2018

Иракта ауыз судан уланғандар саны 110 мыңнан асты

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирактың Басра провинциясында сапасыз ауызсудан уланғандар саны 111 мыңға жетті. Бұл туралы БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары кеңсесінің басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Al Baghdadia.

Иракта ауыз судан уланғандар саны 110 мыңнан асты

Тамыз айының басында Ирактың оңтүстігіндегі Басра қаласында ауызсу тапшылығы, электр қуатын таратуда ақаулар байқалған.

Сол уақыттан бері сапасыз ауызсудан зардап шеккендердің саны күн санап артып келеді. Бүгінге дейін олардың саны 95 мыңның айналасында болған. Уланғандар арасында Еуропа одағының Ирактағы елшісі Рамон Блекула да бар.

Мұның арты ел оңтүстігіндегі тұрғындардың жаппай наразылығына әкеп соқтырған. Осыған байланысты шұғыл шақырылған парламент отырысынан еш нәтиже болмаған. Артынша премьер-министр Хейдар аль-Абади парламент өкілдерін ел оңтүстігіндегі жағдайды саяси мақсаттарына пайдаланды деп айыптады.