31 Желтоқсан, 2011

Үміткерлерге сәттілік тіледі

761 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Астана қаласында Қа­зақ­стан Коммунистік халықтық пар­тиясының қолдауымен 5 және 15 жас арасындағы балалар арасында ка­ратэ-до-дан чемпионат өткізілді. Бұл жарыс «Алтын айдаһар» каратэ-до шотокан федерациясының басшы­лы­ғымен өтті.

Жас каратэшілер алдында ҚКХП хатшысы Жамбыл Ахметбеков құт­тық­тау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде пар­тияның жастар арасындағы дене тәрбиесін дамытуға ерекше көңіл бөлетіндігін айта келіп, еліміздің жас­т­арын бұқаралық спортқа тәр­биелеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керектігін ескертті. Жарыс қорытындысында партия хатшысы жеңімпаздарды марапаттап, каратэ бәсекесінде өзі секілді қара белбеуге жетулеріне тілек білдірді.

Жамбыл Ахметбеков жастайынан осы спорт түрімен айналысып келеді. Ол талай жарыс мәресінде жеңімпаз тұғырынан көрінген. Спортқа бейім хатшының айтуы бойынша, сайлау­ал­ды насихат жұмыстары әділ әрі түсінікті жүргізілу керек. Ол каратэ спорты жастардың шымыр да күшті болуы үшін өте қажет спорт болып табылады.

ҚКХП-ның сайлауалды үгіт-на­сихат жұмысын жүргізу жоспарына сәйкес Парламент Мәжілісінің депу­тат­тығынан екі үміткер Атырау об­лы­сын аралады. Бұл өңірде Коммунистік халықтық партияның белсенділері жер-жерлерде үгіт-насихат жұ­мыстарын жүргізді. Атап айтқанда, олар Атырау қаласындағы меди­ци­на­лық колледжде жүздесу өткізіп, пар­тия­ның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Қаладағы базарлардың бірінде Коммунистік халықтық партия белсенділерімен кездескен сай­лау­шылар шағын және орта бизнеске қатысты өздерін толғандырған сау­ал­дарға жауап алды. Кездесу бары­сын­да базардағы жұрт коммуналдық қыз­мет төлемдері мен азық-түлік ба­ға­сының қымбаттауына алаңдау­шы­лық білдірді.

Партия қатарынан депутаттыққа кандидаттар Мәжіліс көппартиялы болуы қажет екендігін атап көрсетті. Олар қаңтардағы сайлауда халықтың жеткілікті дауысына ие болатын болса, қоғамдағы кейбір кемшіліктерді шешетіндіктерін мәлімдеді. Жүздесуге жи­нал­ған жұрт Қазақстан Коммунистік ха­лықтық партиясы үміткерлерінің сай­лау­алды үгіт-насихат жұмыстарына тү­сіністікпен қарап, үміткерлерге алдағы сайлау додасында сәттілік тіледі.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.