31 Желтоқсан, 2011

Ассамблея сайлайтын кандидаттарды тіркеді

215 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының кешегі отыры­сын­да Комиссия Қазақстан халқы Ассамблеясы сай­лайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына 9 кан­ди­дат­ты тіркеді.

Күнтізбелік жоспарға сәй­кес 2011 жылғы 31 жел­тоқ­санда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Пар­ламент Мәжілісі депутат­ты­ғына кандидаттарды тіркеу аяқталады. Сайлау ту­ралы заң бойынша Ассамблея Ке­ңе­сі 9 кандидат ұсынған бо­латын. Орталық сайлау ко­мис­сиясы олардың барлы­ғын тіркеді. Үміткерлердің ішінде екі әйел бар. Кан­ди­даттардың орташа жасы – 59 жас. Олар­дың барлығы жоғары білімді. Алтауы ғы­лым, мәде­ниет және білім са­л­аларының қызметкерлері. Та­ғы үш үміткер – төртінші шақы­рыл­ған Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Мә­жі­лісінің де­путаттары. Тіркелген кандидаттар сайлау­ал­ды үгіт жұмысына 2012 жылғы 1 қаң­тардан бастап кі­рісе алады.

Отырыста, сондай-ақ Орт­сайлауком «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мә­жі­лісінің және мәсли­хат­та­ры­ның депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюлле­тень­дерінің мәтіндеріне өзге­ріс­тер енгізу рәсімі туралы» қаулы қабылдады. Осы күні Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы тағы 82 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Олардың 27-сі – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Байқау­шы­лар миссиясының, 31-і – ТМД Байқаушылар Миссия­сы­ның өкілдері, 4 байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұй­ымының байқаушылары. Та­ғы 20-сы – шет мемлекеттерден келген байқаушылар.

Осылайша, қазіргі сәтте Орталық сайлау комиссиясы 326 халықаралық байқаушы­ны аккредиттеді. Олардың 101-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстан Республикасын­да­ғы кезектен тыс парламенттік сайлауды байқау жөнін­дегі байқаушылар миссиясы­ның құрамына, 133-і – ТМД-дан байқаушылар миссия­сы­ның құрамына, 9-ы – Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы­ның байқаушылар миссия­сы­ның құрамына кіреді, 9-ы – Түркітілдес мемлекеттер ын­тымақтастығы кеңесінен, төрт байқаушы Ислам Ын­ты­мақтастығы Ұйымынан өкілдік етеді, тағы 70-і – 24 шет мемлекеттен келген бай­қаушылар. Сонымен қатар, Ортсайлауком бұрын шығып қалғандардың орнына Шы­ғыс Қазақстан облыстық сай­лау комиссиясының бір мү­ше­сі мен Маңғыстау об­лыстық сайлау комис­сия­сының бір мүшесін және Астана қала­лық сайлау комис­сия­сының мүшесін тағайын­дады.

Отырыстан кейін өткен брифингте Ортсайлауком бас­шысы Қуандық Тұрған­құ­лов БАҚ өкілдерін сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті. Төрағаның ай­туынша, саяси партиялар сай­лау комиссияларының құ­рамына кеңесші дауыс құ­қығы бар өкілдерін жолдау құқын белсенді пайдаланып отыр. Қазіргі кезде сайлау комиссияларының құрамын­да осындай 1830 өкіл жұмыс істеуде. Олардың ішінде 1453 кандидатураны Қазақ­стан­ның Жалпыұлттық со­циал-демократиялық партия­сы ұсынған.

Ал Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партия­сы­нан сайлау комиссия­ла­ры­ның құрамына кеңесші дау­ыс құқығымен 224 өкіл жіберілген. Сондай-ақ сайлаукомдар құрамына Қазақ­стан­ның Коммунистік халық пар­тиясының – 94, «Әділет» де­мократиялық партиясының 59 өкілі жолданған.

«Осылайша, барлық саяси партияларға сайлауды әзір­леу мен өткізу кезеңінде сайлау органдары жұмысына тиімді қатысу мүмкіндігі берілген, – деп атап өтті Қуан­дық Тұрғанқұлов. – Жаңа­өзен қаласындағы жағдайға келетін болсақ, дауыс беру күніне дайындық қалыпты жүріп жатыр. Барлық сайлау комиссиялары жұмыс істеуде. Сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына тап­сыр­ды». Еліміз бойынша бар­лық сайлаушылар сияқты бұл қаланың сайлаушылары да 2011 жылғы 30 желтоқ­саннан бастап сайлау учас­ке­лерінің үй-жайларында сай­лау­шылар тізімімен таныса алады.

«Мен барлық сайлау­шы­лар­ды осы мүмкіндікті пай­далануға, сөйтіп, өзінің сай­лаушылар тізіміне енгізілуіне алдын-ала көңіл бөлуге шақырамын, – деді Ортсайлауком басшысы. – Оның сыртында сайлаушы өзінің қай сайлау учаскесінде тіркелгенін біздің электрондық ресурсымызда көрсетілген электрондық поштаның [email protected] мекен-жайына немесе «элек­трондық үкіметтің» веб-пор­талындағы арнайы іздестіру нысанына сұраныс жолдау арқылы тексере алады».

2011 жылғы 16 қараша мен 19 желтоқсан аралы­ғын­дағы кезеңде Ортсайлау­ком­ға жеке және заңды тұл­ға­лардан 85 өтініш келіп түс­кен екен. Олардың ішінде 64 өтініш сайлау науқанының әртүрлі аспектілері бойын­ша, тағы 21-і – сайлау орган­дарының, сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдары­ның қызметіне байланысты.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.