31 Желтоқсан, 2011

116 үй жөнделді

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бүгінгі күні өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ешкім ке­т­әрі емес. Тіпті әрбір адам. Бірақ, өкінішке орай, тек жақында ғана салынғандар болмаса, қазіргі үйлердің барлығы бірдей тазалық пен күтім жағынан алғанда та­лап­қа сәйкес келе бермейді. Осы жағдайды түзету үшін мемлекет 2010-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лықт­ы жаңғырту бағдарла­ма­сын ұсынады. Иә, азаматтар өмірінің сапа­сын айқындайтын басты талап­тар­дың бірі тұрғын үйдің тұр­мыс­қа сай сәнді болуы екендігі рас. Бұл жайында Мемлекет бас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаев өзі­нің әр жыл сайынғы халыққа ар­наған жолдауларында айтып келеді. «Ұзақ жылдардан бері ком­муналдық сектор қалдықтық қа­ғи­дат бойынша қаржылан­ды­ры­лып келді. Осының салдарынан 2008 жылдың қарсаңында ком­муникациялардың 72 пайызы жөндеу мен ауыстыруды қажет етті. Сондықтан су, жылу, электр, газбен жабдықтау жүйелерінде кең көлемді жаңғырту жұмыс­тарын жүргізуіміз, сондай-ақ тұр­ғын үй қатынасының ықшам да тиімді моделін қалыптас­ты­руымыз қажет», деген болатын Елбасы 2011 жылдың 28 қаңтары күні. Сөйтіп, Үкіметке ескірген ком­муналдық шаруашылықты жаң­ғыртуға мүмкіндік беретін жаңа бағ­дарламаны жасауды тап­сыр­ды. Көптеген мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен әзір­ленген бұл бағдарлама негізінен үш бағыттан тұрады. Оның біріншісі, үйлерді жөндеу. Бұған қажетті қаржы мынандай жолдармен қарастырған. Жұмыс­тар­дың 30 пайызына бюджеттен қар­жы бөлінеді. Қалған 70 пайы­зы тариф есебінен өтеледі. Бұл тариф бірқатар жылдарға созыла­тын­дықтан оның ауыртпалығын азаматтар оншама сезіне қой­майды. Екінші, үшінші бағыттар – бұл тұрғын үйлерді ағымдағы және күрделі жөндеу. Бұл істе үй­лерді дұрыстап, бүтіндеу нә­тижесінде энергиялық қуат­тар­дың шығыны едәуір дәрежеде үнемделетін болады. Әсіресе, жылу мәселесінде. Мұнда ағым­­дағы жөндеуге қаржы ком­му­нал­дық кәсіпорындарға бюд­жеттен несие беру арқылы қа­рас­тыры­лады. Қаржының екін­ші бөлігін мемлекет пәтер иелеріне несие есебінде береді. Оны өтеу он жылға дейін мерзімді қамтиды. Үстіміздегі жылы үйлерді күр­делі жөндеу жұмыстары қа­нат­қақты негізде жүргізілуде. Оған әрбір қаладан 10 үй іріктеліп алынған. Егер 60 пәтерлі тұрғын үйді ағымдағы жөндеуге шамамен алғанда, 10 миллион тең­ге қажет болса, күрделі жөндеуге 25-30 миллион теңге кетеді. Міне, осындай жолдармен биылғы жылдың өзінде 116 үй жөндеуден өткізілді.