- Андорра құрамасы өте өрескел ойнады. Олар біздің футболшыларды қатты итермелеп, тықсырып бақты. Ал төреші болса, осындай оқиғалардан кейін оларға сары қағаз бермеді. Онымен қоса андорралықтар уақытты көп созып, ойынның берекесін кетірді. Олар біздің топта әлі бұлай жеңіліп көрмеген. Сондықтан да, көп гол жібере бастаған соң қатты қобалжып кетті. Мен ойын барысында Андорра бапкеріне бұл мәселені айттым.
- Зайнутдиновты ерте алмастырып жібердім деп ойламайсыз ба?
- Жоқ. Ойын барысында ол кішігірім жарақат алып қалды. Әйтпесе Бақтияр ойынды жақсы жүргізіп жатты. Өз позициясында белсенді болды. Жас ойыншыларға көп ойын тәжірибиесін беру керек.