Президент • 17 Қазан, 2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасына ресми сапарының екінші күні Финляндия Президентінің сарайында ресми қарсы алу рәсімінен басталды. Финляндия президенті Саули Ниинистё Қазақстан Президентін ресми қонақтарға сай сән-салтанатымен күтіп алды.

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

Президент сарайы алдындағы алаңда екі мемлекеттің әнұрандары ойналып, ресми делегацияларды таныстыру рәсімі өтті. Мұнан соң Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметті қарауыл ротасы таныстырылды. Ресми шарт бойынша Финляндия президенті Қазақстан делегациясымен де танысып шықты.

Енді екі мемлекет басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, технологиялық және инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту жолдарын қарастырады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді.

Серік ӘДБІБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Хельсинки (Финляндия)