Аймақтар • 17 Қазан, 2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

1004 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мерейтой аудан орталығы Құрық ауылында аталып өтті.

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

Мерейтой аясында Құрық ауылында екі жаңа нысан іске қосылды. Бірі − екі ауысымда жүздей баланы жаттықтыруға арналған заманауи үлгіде жасақталған жаңа спортзал болса, екіншісі - геолог-барлаушылар мұражайы. Мұражайға алғашқы мұнай-газ шаруашылығында қолданылған бұйымдар, сол кездің тарихынан сыр шертетін экспозициялар, құжаттар және ескі суреттер қойылған.

− Бұл мұражай көптен күтілген еді. Өйткені мұнай-газ барлау ісі осы Қарақия түбегінен бастау алған және бұл ардагер барлаушы, геологтар көп шыққан өңір.Осы мәселе бүгін шешімін тапқаны үшін, Қарақия ауданының құрметті азаматы Тұрсынғали Көшенұлына және аудан басшылығына, Маңғыстау мұнай-газ басқармасына алғыс білдіреміз. Мұражай болашақта зор деңгейге жетеді деп күтілуде. Маңғыстау облыстық мұражайдағы геолог-барлаушыларға қатысты құжаттардан да кемтігі түгенделіп, осы ел азаматтарының арманы орындалатынына біз сенімдіміз, деді Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасының басшысы П.Сармурзина

Салтанатты шарада еңбегі сіңген азаматтар «Қарақия ауданына 45 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталып, гала концертке ұласты.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы