Кәсіпқой бокс • 17 Қазан, 2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

89 реткөрсетілді

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварес БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін мәлімдеді.

«Бәрі де халықтың қалауына байланысты. Егер олар біздің тағы бір мәрте жұдырықтасқанымызды қалса, шаршы алаңға қайта шығуға дайынмын. Естеріңізде болсын, мен осы күнге дейін ешуақытта, ешкіммен жекпе-жекке шығудан бас тартқан емеспін. Қазіргі ұстанымым да сондай. Жанкүйерлер GGG мен «Канело» арасындағы айқасты тағы да тамашалауға құлшыныс танытатын болса, көпшіліктің бұл өтінішін орындауға мен әзірмін»,  дейді Сауль Альварес. 

Сонымен қатар, Мексика боксшысына «Даңқты Флойд Мейвезермен қайта кездесуге қалайсыз?» деген де сауал қойылды. Бұл сұраққа ол «Мейвезерге ұтылған кезде менің тәжірибем аздау болды. Оны мойындаймын. Уақыт оза талай мықтымен айқасып, әбден толыстым. Қазіргі жағдай басқа. Енді АҚШ боксшысы тәуекелге барып, менімен жекпе-жекке шыға қоймас. Ал егер Флойд ынта танытатын болса, мен қуана-қуаны келісемін»,  деп жауап қайырды.

Естеріңізге сала кетейік, қос боксшы арасындағы бәсеке осыдан бес жыл бұрын Лас-Вегаста өткен болатын. Сол жекпе-жек ұпай санымен Флойд Мейвезердің пайдасына шешілді. Бұл – Сауль Альварестің кәсіпқой рингтегі алғашқы және әзірге жалғыз жеңілісі!      

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар