17 Қазан, 2018

Финляндияның бірқатар компанияларымен контейнерлік тасымалды дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды

69 реткөрсетілді

Ағымдағы жылдың 16 қазанында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Финляндияға жасаған сапары шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ мультимодальды операторы мен Koulova Innovation Oy (Коувола қаласы) және «Nurminen Logistics Serveces» компанияларымен Контейнерлік тасымалды дамыту туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Келісім жүктерді тасымалдау көлемін арттыру, Қазақстан аумағы арқылы ҚХР – Коувола бағытындағы қызмет көрсету мен жеткізу логистикалық тізбегін дамыту мақсатында жасалды.

Мемлекет басшысының сапарына орайластырып Хельсинки (Финляндия) – Хэфей (ҚХР) жаңа тұрақты бағытқа контейнерлік пойыз жөнелтілді. Аталған бағыт бойынша  айына 8 контейнерлік пойыз тасымалдайды деп жоспарланған.

Өткен жылы Коувол – Сиань бағыты бойынша алғышқы контейнерлік пойыз жолға шыққандығын қаперге сала кетейік. Осылайша, Қазақстан аумағы арқылы Скандинавия, Финляндия рыногында тасымал өсімінің динамикасы байқалды.

 «Өткен жылы Қытай – Қазақстан – Финляндия» бағыты бойынша 30 тарта контейнерлік пойыздар жөнелтілген. Ағымдағы жылдың басынан бастап аталған бағыт бойынша 46 контейнерлік пойыз жөнелтілген. Жыл соңына дейін біз жүктасымалы көлемінің артқанын күтеміз. БізАзия елдері мен Финляндия арасындағы тасымал әлеуетін бірлесе жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктерге иеміз», деп атап кетті «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.

Хельсинкиде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев «VR Group» теміржол компаниясының бас директоры Янссон Рольфпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ағымдағы жағдай туралы және көлік-логистикалық саладағы ыңтымақтастықты дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

2017 жылы Қытай – Қазақстан – Финляндия бағытына 31 контейнерлік пойыз (2496 ЖФЭ), ал 2018 жылдың 8 айында 46 контейнерлік пойыз (3848 ЖФЭ) жөнелтілген.

Тараптардың пайымынша, теміржол әкімшіліктері басшыларының тұрақты кездесуі туындаған мәселелерді жедел шешуге және жүк тасымалы көлемінің артуына ықпал ететін болады.

Қ.Алпысбаев сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы ҚХР жөнелтілетін негізгі жүк – целлюлоза шығаратын Innovation Oy компаниясы басшысымен келіссөз жүргізді.

«Nurminen Logistics Serveces» компаниясының басшысы Олли Похъянвиртамен болған кездесуде Қытай – Қазақстан – Финляндия бағыты бойынша және кері бағытта жүк тасымалын дамытудың оң динамикасы атап өтілді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар