Ұланбатырдағы жиынға қорғаныс ведомстволарының басшылары Сергей Шойгу мен Нямаагийн Энхболд қатысты.
Бұған дейін Шойгу Ресейдің Моңғолиямен әскери серіктестігін өркендетпек жоспарымен бөліскен болатын. Серіктестік оқу-жаттығу тәжірибелері мен әскери білім беру шараларының аясын кеңейтуге негізделген. «Моңғолияның Ресей Федерациясымен әскери қарым-қатынасын сыртқы саясаттағы маңызды шаралардың бірі деп қарастыруы біз үшін маңызды. Әскери техникалық, әскери қарым-қатынастағы тәжірибемізбен бөлісуге тырысамыз», деді Сергей Шойгу. Ресей қорғаныс министрі Моңғолияға мемлекеттер арасындағы әскери қарым-қатынас мәселелерін талқылауға келген болатын. Кездесу барысында Ресей қорғаныс министрлігінің атынан Моңғолияға әскер жарақтарын табыстау жоспарланған.