Әлем • 18 Қазан, 2018

Айбике Хабибуллина Азия чемпионатында топ жарды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппинің Манила қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айбике Хабибуллина Азия чемпионатында топ жарды

Саблядан әйелдер арасындағы сында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Айбике Хабибуллина чемпион атанды. Тағы бір спортшымыз Әйгерім Сарыбай күміс медаль иеленді. 

Еске сала кетейік, екі спортшы да ірі халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр. Әйгерім Сарыбай мен Айбике Хабибуллина командалық сында Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.