Әлем • 18 Қазан, 2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

68 реткөрсетілді

Халық арасында сыдырма машина деп танылған Road Zipper алып машинасы көлік кептелісін бірнеше минутта сейілте алады. Конструкциясы 1984-85 жылдары басталған машина бүгінде әлемдегі бірқатар мемлекеттің жол қозғалысы мәселесін шешіп жүр. Алғаш рет 1990 жылы халыққа жол тартып, Оклендтегі көпірлердің бірінде пайдаланыла бастаған.  

Құрылыс жұмыстарына да тиімді машина 450 келілік барикадтары арқылы көлік ағыны күшейген бағытты кеңейтіп, жол қозғалысын жүйелей алады. Үлкен қалалардың дертіне айналған мәселені шешуші құрылғы құны – 30 миллион АҚШ доллары.

Аталмыш жүйені Киевтің Патон көпіріне де енгізу жоспары бар. Киев әкімшілігі төрағасының орынбасары Илья Сагайдактың айтуынша, Road Zipper жүйесін қолдану мемлекеттің транспорт шығынын 12,5 миллионан 26,2 миллион АҚШ долларына дейін үнемдейді екен. Тек экономикалық емес экологиялық пайдалы машина ауаға көмірқышқыл газының бөлінуін 4993 килоға дейін азайтады. Ол шамамен 555 машинаның бір күндік  көмірқышқыл газын бөлу көрсеткішіне тең. Сонымен бірге, Road Zipper көлік соқтығысын азайтып, жол апатын алдын алады.

Road Zipper Сан-Францисконың «Алтын қақпа», Сан-Диегоның «Коронадо», Вашингтондағы «Теодор Рузвельт», Жаңа Зеландиядағы «Харбор-Бридж», Сиднейдің «Харбор-бридж», Нью-Йорк қаласындағы «Gowanus Express» көпірлеріндегі қозғалысты реттеп жүр.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар