Қазақстан • 18 Қазан, 2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

Қазан айының басынан бері вирустық менингит деген күдікпен Астана қаласының инфекциялық ауруханасына сегіз оқушы келіп түсті. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарлады.

Хабарда атап өткендей, науқастар – әр түрлі мектеп оқушылары.

Оқушылар ауруханаға менингиттің мына белгілерімен түсті: температураның 40 градусқа дейінгі көтерілуі, бұлшық еттердің ауыруы, тамақ және іштің ауыруы, жөтел, жүрек айнуы.

"Қазіргі таңда инфекциялық ауруханада "вирусты менингит" диагнозымен түрлі мектептен түскен сегіз оқушы емделуде. Жеті оқушының жағдайы қанағаттанарлық, біреуі салыстырмалы түрде ауыр", - деді департаментте.

Дәрігерлер барлығы вирусқа қарсы ем алуда және уайымдау үшін ешқандай себеп жоқ деп сендірді.

"Емдеу шаралары аяқталғаннан кейін екі апта ішінде үйге шығарылады", - деп хабарлады Астана қаласының ДДСҰ.

Айта кетейік, 2018 жылы 9 ай ішінде Астанада 196 вирустық менингит жағдайы тіркелген (85 оқушы).