Орал қаласындағы Достық үйінде Батыс Қазақстан облысының әкімі, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Алтай Көлгіновтің төрағалығымен Ассамблеяның кеңейтілген кеңесі өтті.

Маңызды жиынға Батыс Қазақстан облыстық басқарма басшылары мен өкілдері, қала және аудандар әкімдері, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдық бөлімшелері, этномәдени және қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияларының, кеңестерінің шешімдерінің Орал қаласында орындалуы, 2019 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік жобаларды бекіту, қоғамдық келісім кеңестері қатысуымен аудан мен ауылдық округтердегі жергілікті бюджетті тиімді пайдаланудың ережесін бекіту, Батыс Қазақстан облысы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредитациялау комиссия мүшелерінің құрамын бекіту және Ассамблея Кеңесінің және құрылымдық бөлімшелерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Жиында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Медхат Қамбетов 2019 жылы өткізу жоспарланған 15 мемлекеттік әлеуметтік жобаны кеңес мүшелеріне таныстырып өтті. Мұның ішінде «Үздік елдімекен», «Шекара жүректерді бөлмейді», «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра», «Алғыс айту күні» сияқты шаралар бұрыннан дәстүрге айналған. Сонымен қатар «Мықты елдің мықты адамдары», «Ұлт қазынасы», «Этнофешн» сән фестивалі сияқты бірқатар жаңа жоба биыл тұңғыш рет қолға алынғалы отыр.
Алдағы 2019 жылдың жастарға арналатынын Елбасымыз Жолдауда жариялаған еді. Батыс Қазақстан облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Владимир Шек «Жастар жылы» аясында өңірдің барлық ауыл-аймағын қамтитын кешенді шаралар ұйымдастырылатынын айтады.
Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, қала аумағында Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары мен кеңестері шешімдері дер кезінде, толығымен орындалып келеді. Қала іргесіндегі Зачаганск, Круглоозерное, Желаев кенттерінде және Орал қаласындағы 78 кәсіпорын-ұйымда қоғамдық келісім кеңесі құрылған.
– Біздің жастарымыз өте талантты. Олар осы қабілеті мен білімін одан әрі дамыта беруіне біз барлық жағдай жасаймыз. Ұрпақтар сабақтастығы, дәстүр жалғастығы үзілмеуі тиіс, - деді өз сөзінде өңір басшысы Алтай Көлгінов.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің мәлімдеуінше, кеңесте көтерілген мәселелердің бәрі де келешек жұмыстарды атқаруда ескерілетін болады. «Мұның бәрі өңірде ұлтаралық, дінаралық келісімді сақтауға қолғабыс етеді. Қоғамның әрбір мүшесі ел азаматы ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұрақтылығына, бейбітшіліктің сақталуына қызмет етуі тиіс» деп қорытындылады кеңес отырысын Алтай Көлгінов.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан
Академик Төрегелді Шарманов: Әділдік жоқ жерде қуатты қоғам қалыптаспайды
Сұхбат • Бүгін, 22:06
Әдебиет • Бүгін, 22:05
Әдебиет • Бүгін, 22:03
Әдебиет • Бүгін, 22:01
Сақтандыру нарығында қандай өзгерістер болады?
Қаржы • Бүгін, 22:00
Әлемдік додада да барымды саламын – дейді дзюдодан Азия чемпионы Данияр Шамшаев
Спорт • Бүгін, 21:59
Аймақтар • Бүгін, 21:57
Аймақтар • Бүгін, 21:54
Таным • Бүгін, 21:53
Өнер • Бүгін, 21:51
Бес өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:30
Алматыда 200 млн теңге ұрлаған шенеунік сотталды
Аймақтар • Бүгін, 21:17
Қазақстанға қанша шетелдік турист келді?
Туризм • Бүгін, 21:00
Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:39
Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:10
Білім • Бүгін, 19:53
Қазақ жерінен шыққан ортағасырлық авторлардың 19 еңбегі елге әкелінді
Қазақстан • Бүгін, 19:32
Жайық өзеніне батып кеткен баланың денесі табылды
Қоғам • Бүгін, 19:12
Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді
ANTIKOR • Бүгін, 18:42
ШҚО-да жоғалған бала көпір маңындағы шұңқырдан табылды
Қоғам • Бүгін, 18:25
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарады
Тағайындау • Бүгін, 18:03
Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 18:00
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:57
Атырауда нан қалдықтарына арналған арнайы контейнерлер орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды
Елорда • Бүгін, 17:42
Түркістанда заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін 3 цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:30
ШҚО-да жоғалған балаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
Қоғам • Бүгін, 17:22
12 жастағы қызды зорлаған ақмолалық ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Елордада Ironman жеңімпаздары анықталды
Елорда • Бүгін, 17:13
Орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылуы мүмкін бе?
Білім • Бүгін, 17:03
Еліміздің солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Экономика • Бүгін, 16:42
Докторантураға түсу емтихандары басталды
Білім • Бүгін, 16:31
Павлодар облысында алимент төлемей жүрген 270 адам іздестірілуде
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Педагог мамандығында оқып жүргендердің тәжірибеден өту тәртібі өзгереді
Білім • Бүгін, 16:15
Жеңілдетілген лизингпен алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы беріледі
Қоғам • Бүгін, 16:07
Қазақстанда мектептегі оқу жылы 2 аптаға ұзарды
Білім • Бүгін, 16:00
Жыл басынан бері 4,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 15:52
Өскеменде 29 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Тайтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 15:33
Ұқсас жаңалықтар