Әлем • 19 Қазан, 2018

«Азия-Еуропа» саммиті Брюссельде өтіп жатыр

82 реткөрсетілді

Брюссельде Батыс пен Шығысты қосқан ХІІ «Азия-Еуропа» саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды Euronews. 

Саммит ұраны – «Еуропа мен Азия – әлемдік мәселелерді шешуші жаһандық серіктестер», ал жиынның негізгі мақсаты – әлем күнтізбесіндегі мәселелер бойынша позицияларды келісу.

«Азиямен қарым-қатынасты дамыту басты назарымызда. Олармен тек байланыс орнатып қоймай, қауіпсіздік мәселесі бойынша да серіктестік құрмақпыз. Әсіресе КХДР-мен келісімге келу мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік Корей президентімен де Корей түбегіндегі соңғы жағдайларға байланысты келіссөздер болады. Сауданы дамыту жолға қойылды», деді Еуропа дипломатиясы басшысы Федерик Могерини.  

«Еуропа» ғимаратында өтіп жатқан саммит қонақтарын Еурокеңес басшысы Дональд Туск, Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер күтіп алды. Малайзия мемлекетінің вице-премьері Ван Азиза Исмаил:

«Біз – Азия мен Еуропа арасын құраушымыз. Менің ойымша, бір-бірімізге көмектесіп, бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Осылай еркін әрі әділ сауда нарығын қалыптастыру мүмкіндігіміз болады. Бұл экономиканың дамуына, мемлекеттердің бір біріне көмекші болуына алып келеді», деді.

«Брюссельде жиналған мемлекет пен үкімет басшылары арасында келіспеушіліктер де туындады. Дегенмен, «Еуропа мен Азия бірігуі тиіс. Өйткені біріккен одақ ғана қиындықпен күресе алады», деді Дональд Туск жиын алғысөзінде. Еурокомиссия басшысы саммит соңында ортақ декларация қабылдау ниетімен бөлісті.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар