Қазақстан • 19 Қазан, 2018

Қазақстанда Ішкі істер департаменттерінің атауы өзгертілді

389 реткөрсетілді

Қазақстанда Ішкі істер департаменттері ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес Полиция департаменті болып өзгертілді, деп хабарлайды ҚР Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.

Бұдай былай мәселен, ҚР Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істер департаменті ҚР Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті болып аталады.

Немесе ҚР ІІМ Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті ҚР ІІМ Ақтөбе облысының полиция департаментіне айналды. Осылайша, барлық облыстың департаменттері қайта аталады.

Сәйкесінше, республиканың түгел қалалық ішкі істер басқармалары мен аудандық ішкі істер бөлімдері полиция басқармаларына және полиция бөлімдеріне айналады.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті болып өзгертілді. Айта кетейік, Президент Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажеттігін айтқан еді.

Елбасы Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырды.

Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауы тиіс.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар