Аймақтар • 19 Қазан, 2018

Парламент Сенатының депутаты Атбасарға барды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков Атбасар қаласындағы «Атбасар Технопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

Парламент Сенатының депутаты Атбасарға барды

Серіктестік жұмысшы­ла­ры­мен кездесу барысында сенатор Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев­тың «Қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұр­мыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі бағыттары жөнінде ой бөлісті. Сон­дай-ақ жергілікті жер­лердегі денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен то­лықтыру, мемлекет­тік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру сияқты мәселелер де көтерілді.

Жылы жүздесу барысында­ серіктестік жұмысшылары Жол­­­­дауда айтылған мәселелерді тұ­тас­­­­­тай қолдайтындықтарын жет­кіз­­ді. Сенат депутаты әр жыл са­йын қарғын судың астында қала­тын Ат­басардың бүгінгі ты­ныс-тірші­лі­гімен де танысты. Бұр­нағы жылы үйлерін су шайып кеткен от­ба­сылардың тұрғын үй­мен қам­тамасыз етілуіне назар аударды.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы