Ресей, Өзбекстан, Қазақстан арасындағы үш жақты серіктестік жобасын «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының Қазақстандағы өкілі Анатолий Красников Өзбекстан мен Ресей аумақаралық серіктестік форумы аясында таныстырды.
«Орбитадағы Sat-2 құрылғысын ауыстырып жатқан Қазақстан Республикасымен ортақ жоба жасап, құрылғыға жаңа мүмкіндік беруге жол ашамыз», деді Анатолий Красников.
KazSat-2R құрылғысын 2023 жылы KazSat-2 құрылғысына ауыстыру керек. Ол телерадио, байланыс, ақпарат алмасу, VSAT желісі, мультимедия жұмысын жүйелейді.
«Роскосмос» ақпараты бойынша, жаңа құрылғы Өзбекстан, Қазақстан, Ресейдің орталық аумағын, Орталық Азияның басқа аумақтарын қамтымақ.