«КӘУСӘР-БҰЛАҚ» әлеуметтік көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ұлданай Қамбарова:
«КӘУСӘР-БҰЛАҚ» әлеуметтік көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігі Президентке, Үкіметке, Президент Әкімшілігіне, Ұлттық Банкке және Ұлттық Банктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына өзінің кезекті алғысын білдіреді. Сіздерге және сіздердің қызметкерлеріңізге үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Бүгін Қазақстанда борышкер азаматтардың кепілдегі жылжымайтын мүлкін сақтау жөніндегі ипотекалық проблемалар оңтайлы шешілуде, борыштық жүктеме азайтылды, пайыздық мөлшерлеме төмендетілді және кредиттеу мерзімі 20 жылға дейін ұзартылды. Сіздердің еліміздің ипотека алушыларының проблемаларын шешудегі ауыр еңбектеріңізге ризамыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және барлық істеріңізге береке тілейміз. Бұл мәселе түпкілікті шешілді деуге болмайды. Ипотекалық қарыз алушыларды одан әрі қорғау және жалғыз баспананы сақтау бойынша алда әлі де бірлесіп үлкен жұмыс жасауымыз қажет.
«Арнамыс-5» төрағасы Қанағат Такеева:
«Мүмкіндікті пайдалана отырып Президентке, оның азаматтардың өмірін жақсартуға деген ниеті үшін және Ұлттық Банктің басшысына Президенттің тапсырмаларын жедел іске асырғаны және қарыз алушыларға адамгершілікпен қарағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің ипотекалық эпопеямыз шамамен 11 жылға созылды. Ол болашаққа деген үмітсіз, қалыпты өмірге оралуға деген тұспалсыз өмір сүрген жылдар болды. Адамның еркін қозғалыссыз, өз өмірінің ғана емес, өз балаларының өмірі мен болашағын еркін жоспарлай алмай, бүкіл мүлкімен қоса тыйыммен өмір сүруі қорқынышты. Біздің Президентіміз Үкіметтен шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөнінде шаралар әзірлеуді үнемі талап етіп отырады, бірақ қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлер объектілерінің көпшілігі 2005 жылдан бері екінші деңгейдегі банктерде олардың проблемалық қарыздарын қамтамасыз ету ретінде, объектілердің бір бөлігі наубайханалар, кондитерлік орталықтар, балабақшалар, шаруа қожалықтары, элеваторлар және басқа да көптеген объектілер банктердің балансына қабылданғанын ескермейді. Банктердің борыштарды өндіріп алу жөніндегі жұмысына байланысты кәсіпкерлер өз жұмыстарын тоқтатып, бұл объектілерді қалдыруға мәжбүр болады. Қызмет көрсетілмегеннен кейін бұл объектілер жарамсыз болып қалады. Бұл кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауына, бизнесті қалыпқа келтіру үшін жағдайлардың жасалуына мұқтаж. Үкіметке кәсіпкерлерге қолдау көрсету және коммерциялық объектілерді оңалту жөніндегі қанатқақты жобаны іске қосуды ұсынамыз, ол банктердегі өтімсіз активтерді азайтуға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге, халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге және елдің экономикасын көтеруге мүмкіндік берген болар еді».
Думан АНАШ
«Егемен Қазақстан»