Күрес • 19 Қазан, 2018

Багам аралдарында Бағытбергеновтың бағы жанды

229 реткөрсетілді

Багам аралдарының Нассау қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық дзюдошы Жанболат Бағытбергенов қола медальді иеленді.  

73 кило салмақ дәрежесінде белдескен қандасымыз бастапқы бәсекелерде гонконгтық Квок Винг Ли, колумбиялық Лейвер Наварро және тәжікстандық Сомон Махамтбековтен басым түскенімен, төртінші кезеңде түркиялық Біләл Киолоғлыға жол берді. Жұбаныш бәсекесінде бельгиялық Мәлім Абдул Умаевты жеңген Жанболат қола медаль үшін тартыста ресейлік Давид Самсоновқа сан соқтырды. Дәл осы салмақта бақ сынаған Аңсарбек Ғайнуллин алғашқы кездесуінде Адам Бидзовскийдан ұтылып, көрермендер қатарына қосылды.

66 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақстандық балуандар жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Бақытжан Әбдурахманов Доминикан Республикасы мен Чехияның өкілдерін ұтқанымен, италиялық Мануэль Ломбардоға жол беріп, жұбаныш бәсекесінде ресейлік Мұрат Шопановтан жеңілді. Сұнғат Жұбатқан Венгрия, Перу, Ресей дзюдошыларын үйлеріне қайтарып, жартылай финалға бірден жолдама алды. Бірақ содан кейін бразилиялық Майкл Марселино мен Ресей балуаны Мұрат Шопановтан ұтылып, бесінші орында қалып қойды.

Қыздар арасында сайысқа түскен Жадыра Әміртаева мен Меруерт Сәрсенова (52 кило) және Аида Карчаеваның (57 кило) да жолдары болмады. Бұл спортшыларымыз алғашқы айналымддардан аса алмады.  

Бүгін түнде тағы төрт салмақ дәрежесінің (81 кило, 90 кило – ұлдар, 63 кило, 70 кило – қыздар) жүлделері сарапқа салынады. Бөріктілер сайысында 90 кило салмақта Ерасыл Болат пен Дінахмет Рысымбек татамиге шығады. Бұрымдылар арасында 70 кило салмақтағы Мөлдір Нарынованың өнерін тамашалаймыз. Одан кейінгі күндері Назерке Тілеуханова (78 кило), Камила Берліқаш (+78 кило) және Санжар Жабборов (+100 кило) жарыс көрігін қыздырады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ең қысқа әңгіме. Данияр Саламат

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрболат Аманжол

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерболат Қуатбек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Кеше

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Кеше

Күлкі керуені

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар