Аймақтар • 19 Қазан, 2018

Атырауда мамандандырылған ХҚКО құрылысы аяқталуы жақын

264 реткөрсетілді

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа нысанның құрылыс жұмысы барысымен танысты.

Аймақ басшысы облыс орталығында салынып жатқан екі нысанның -  мамандандырылған ХҚКО мен оқушылар сарайының құрылысын  тексерді.

Мамандандырылған ХҚКО құрылысы 90%-ға аяқталды,  жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Жаңа ХҚКО Атырау-Астрахань тас жолы бойынан бөлінген 4 га жер учаскесіне салынған. Мұнда автокөлік құралдарын тіркеу, тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмір  белгісін беру, жолда жүру ережелері, автокөлік жүргізу бойынша теориялық және тәжірибелік емтихандар қабылдау, жүргізушілік куәлік дайындау және беруді жүзеге асырады. Соның нәтижесінде екі сағат ішінде автокөлікті тіркеп, жүргізушілік куәлік алуға мүмкіндік болады.

- Мамандандырылған ХҚКО ашылған кезде Нұрсая ықшам ауданындағы полиция бөлімшесінің жұмысы жеңілдейді, тіркеу-емтихан алу бөлімі жаңа нысанға көшеді. Аталған полиция бөлімшесіне көлік көп баратындықтан, көлік тығыны көп болатын,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Атырау облысы бойынша филиалы департаментінің  басшысы Тұрлан Нұржанов.

Жаңа орталықтың сыйымдылығы 800  адам, ғимарат екі қабатты және жертөле қабаты бар. Сапалы қызмет алуға барлық мүмкіндік қарастырылған - жеңіл автокөліктерге арналған 200  орын, жүк көліктеріне арналған 20  орын бар. 20  орын мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған. Автодром, мотодром, автокөлікті техникалық байқаудан өткізу ғимараты, екі бақылау-өткізу бөлімшесі де бар.

Облыс әкімі барған екінші нысан - жастар мен оқушылар сарайы.

Нысан әуежайға барар жолдың сол қапталында, Мұз сарайының оңтүстік-шығыс бетінде орналасқан. Учаске аумағы  3,5 га.

Сарай ғимараты төрт қабатты,  жертөле қабаты мен техникалық ғимараттан құрады.

Жаңа жастар мен оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдерді дамытуға барлық жағдай жасалады - музыкалық, спорттық, көрме залдары, оқу кабинеттері мен зертханалар.

- Оқушылар мен жастар сарайы аймақтағы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуының нағыз орталығы болады. Мұнда облыстың барлық аудандарының балалары  таланттарын шыңдай алады, Сарай тәрбиеленушілері өңірімізді халықаралық мәдени, ғылыми, спорттық шараларда лайықты көрсететіндеріне сенеміз - деді Нұрлан Ноғаев.

Жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі қарамағындағыларға барлық жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын уақытында және сапалы аяқтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар