Қазақстан • 19 Қазан, 2018

Америкалық еріктілер оқушыларға ағылшын тілін үйретіп жүр

213 реткөрсетілді

Америкалық ерікті Мириам Гринфилд Қарағанды облысы, Нұра ауданының №3 Киевка орта мектебінің оқушыларына 1 айдан астам уақыт бойы ағылшын тілін үйретіп жүр. Қазақстанға келгеніне көп уақыт болмаса да, ауыл тұрғындарымен достасып, оқушылардың сүйікті мұғалімдеріне айналып үлгерген.

Мириам балаларға тек сабақ үйретіп қана қоймай, ауылдың қайнаған тіршілігіне белсене араласып жүр. Ауыл тұрғындары да оны жиі отбасылық мерекелерге, тойға, экскурсияларға қатысуға жиі шақырып тұрады. Сондай-ақ ол бос уақытын жергілікті жаттығу залында йога жаттықтырушысы ретінде өткізеді.

«Оқушыларым керемет. Өте тәрбиелі, білімге құштар, сабақта мұқият тыңдап, көп нәрсе үйренуге тырысады. Күнде таңертеңнен бастап жүздеген бала құшақтап рахметін айтады. Мен үшін ең үлкен жетістік - осы. Ауыл тұрғындары ақжарқын, ашық, өте қонақжай. Келесі жылы да келуге қарсы емеспін», дейді америкалық қыз.

Сондай-ақ еріктілер қатарында Гарвард университетінің студенті Кеннет Палмер де бар. Ол қазір Қарағанды облысының Осакаровка ауданында оқушыларға ағылшын тілін тегін үйретіп жүр.

Айта кетейік, «English for Jastar» жобасы пилоттық үлгіде еліміздің 100-ден астам мектебінде «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Bolashaq» қауымдастығының бастамасымен іске қосылды. Осы жылы алғаш рет жүзеге асқан «English for Jastar» жобасы бойынша 9 шетелдік және 146 қазақстандық ерікті еліміздің мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретуге, сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектесу үшін 2 айға шалғай ауылдарға аттанған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар