Қазақстан • 19 Қазан, 2018

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығы аясында тарихи кітаптардың тұсауы кесілді

222 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай музей қорындағы құнды жәдігерлер негізіндегі шығарылған альбом-каталогтар «Түркістан жазирасының қыш ыдыстары» мен «Зергерлік бұйымдар топтамасы», «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдық даму тарихындағы мұрағаттар қамтылған «40 жылдық альбом», сондай-ақ әр кезеңде хатқа түскен, ел аузында айтылып жүрген аңыз әпсаналардан жинақталған «100 аңыз» кітабы және «Жетпіс хикмет» кітабының латын әліпбиіндегі нұсқасы жарық көрді.

Қорық-музейдің 40 жылдығына арналған «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ бойындағы ортағасырлық қалалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өткен тарихи кітаптардың тұсаукесер рәсімін "Әзірет Сұлтан"мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы құттықтау сөзбен ашып беріп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Заң департаментінің басқарма басшысы Тажиханов Сералы, Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов, Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева лентасын қиды.

«Түркістан жазирасының қыш ыдыстары»

Бұл ақпараттық ғылыми танымдық альбом – каталогта «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі қорына 40 жылдан астам уақыт бойы жинақталған, Түркістан аймағындағы көне қалалар мен қоныстар орындарында жүргізілген археологиялық зерттеу-қазба жұмыстары барысында табылған қыш ыдыстардың ерекше үлгілері берілген. Альбом- каталог қыштан жасалған қол өнер бұйымдарының бірқатар тақырыптарын ашып тарқатуға, керамиканың хронологиялық даму кезеңдерін нақтылауға, жергілікті керамика өнерінің даму тарихының өзге аймақтармен байланысын анықтауда музей қызметкерлері мен болашақ археолог мамандарға көмекші құрал ретінде ұсынылады.

«Зергерлік бұйымдар топтамасы»

Каталогта Қазақстан Республикасы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қорында сақталған зергерлік әшекей бұйымдар топтамасы берілген. Каталогта зергерлік әшекей бұйымдардың жасалу технологиясын, әдіс-тәсілдерін сипаттай отырып, зергерлік әшекейлердің қолданылуы мен ерекшеліктеріне тоқталады. Каталог музей қызметкерлеріне және көпшілік оқырманға арналған.

«100 аңыз»

Кітапта әр түрлі кезеңде хатқа түскен, сондай-ақ ел ішінде ауызша айтылып келген халқымыздың аңыз-әфсаналары жинақталған. Кітап өзінің деректілігімен, бұрын соңды жарияланбаған тың мәліметтерімен құнды. Жинақ ғалым-мамандарға, оқытушыларға, жоғары оқу орнының студенттері мен жалпы көпшілік қауымға арналады.

«Жетпіс хикмет»

Әулиелердің сұлтаны Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың соңында қалған телегей-теңіз мұрасы бүкіл адам баласына ортақ рухани қазына. Сол рухани қазынадан алынған жетпіс хикмет «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне келушілер мен жалпы оқырмандарға латын әліпбиінде жол тартып отыр.

«40 жылдық альбом»

Кітапта «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық даму тарихындағы мұрағаттық деректер мен фотосуреттер қамтылған. Жинақ музей қызметкерлеріне, мәдениет мекемелеріне және көпшілік оқырманға арналған.

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені № 6

Руханият • Бүгін, 11:57

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:55

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы    

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:52

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:45

Ең қысқа әңгіме. Мағжан Қалымбекұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:42

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:40

Ең қысқа әңгіме. Алтынғадыс Күнтуғанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:39

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:36

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:31

Ең қысқа әңгіме. Күлайна Оразбекқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:30

Ең қысқа әңгіме. Құрманғазы Жұмағұл

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:29

Ең қысқа әңгіме. Құрманжан Қасымжанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:19

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:18

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Бүгін, 09:18

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Бүгін, 09:14

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Бүгін, 09:13

Уәдеге берік бол!

Бүгін, 09:11

Тіл тірлігі – тілге мұқтаждықта

Руханият • Бүгін, 09:07

«Аққу ақын» Атырауға келді

Әдебиет • Бүгін, 08:57

Таластан шыққан дипломат

Руханият • Бүгін, 08:54

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Бүгін, 08:50

«Жетісу» – жеңімпаз

Спорт • Бүгін, 08:50

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Бүгін, 08:45

Салық төлеушілер баға қойды

Қазақстан • Бүгін, 08:23

Қарқыны бөлек «Қаламқас»

Экономика • Бүгін, 08:22

Қара сиырым қарап тұр...

Қоғам • Бүгін, 08:21

Қазақ өзі қандай халық?

Руханият • Бүгін, 08:19

Тәу етер мекен – Тарбағатай

Руханият • Бүгін, 08:16

«Елтану» – ертеңшіл жоба

Руханият • Бүгін, 08:15

Тарихымыздың құты – Тайқазан

Руханият • Бүгін, 08:12

Ұқсас жаңалықтар