Қазақстан • 19 Қазан, 2018

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын үнемдеуге шақырды

68 реткөрсетілді

Шенеуніктер енді көрпесіне қарай көсіліп, мемлекеттің ақшасын жөнсіз шашпауға тиіс. Ең үлкен джипті мініп, ең үлкен кабинетте отырмаса өзін қор сезінетін менталитеттен арылу керек. Жұмыс бабындағы сапармен Қарағанды облысына барған Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың  атқамінерлері мен игі жақсылары жиналған басқосуда осы мәселені төтесінен қойды.

-Қаржы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталуы тиіс. Қаржыны үнемдеуге ерекше назар аударылуы қажет. Енді қымбат қызмет көліктері, жоғары лауазымды шенеуніктердің атшаптырым кабинеттері мен басқа да үстемдік көрсеткіштері көненің көзі секілді тарих қойнауына кететін кезі алыс емес ,- деді Сенат Төрағасы.

Еуропаның   талай жерінде болдық. Кабинеттері жұпыны ғана. Көліктері де қарапайым. Ал бізде жаңа облыс, тіпті жаңа аудан ашылса, бар жұмыс сәулетті әкімшілік ғимаратынан басталады. Үнемшіл болу туралы өткенде Елбасы да айтты Жолдауында. Ендігі мәселе осы қарапайымдылық пен үнемшілдікті  шенеуніктерден Сіз бен біздің талап етуімізге байланысты болмақ.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар