Аймақтар • 20 Қазан, 2018

Қостанайда зағиптар үшін жол құрылымы өзгереді

48 реткөрсетілді

Көзі көрмейтін немесе нашар көретін зағип жандарға қолайлы болуы үшін полицейлердің бастамасымен жол құрылымы өзгеретін болды. Бұл жөнінде «Назар салыңыз, зағип жүргінші!» акциясы шеңберінде Қостанайдағы соқырлар қоғамы мүшелерімен өткізген кездесуде айтылды. 

Қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полициясының аға инспекторы, акцияны ұйымдастырушы Елена Мағазумованың айтуынша, қазіргі заманда көше-жол желісінің құралдары зағип жандардың жол қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қостанай қаласындағы 242 бұрылыстың тек 167-де «Зағип жүргінші» ақпараты бар құрал орнатылған. 12 бағдаршамда ғана дыбысты сигнал жабдығы бар.

«Статистика бойынша, жаяу жүргіншілер жол қозғалысының ең әлсіз, ұрымтал қатысушысы болып табылады. Ал зағип жандар жол қозғалысы ағынында аса қамқорлыққа зәру. Өзін қауіпсіздендіру үшін зағип жандар қолына ақ таяқ ұстап жүреді, олар жүргізушілерге «алдыңда зағип жан келе жатыр, өткізіп жібер» деген белгіні білдіретін жол белгісінің орнына жүреді», дейді полиция майоры Елена Мағазумова .

Кездесуде зағип жандар жүргізушілердің барлығы бірдей мүгедек жандардың қолындағы ақ таяққа мән бере бермейтінін, тоқтамайтынын айтты. Көзінен зардап шегетін мүгедектер жол қозғалысында ерекше назарға алынуы тиіс. Елена Мағазумова зағип жандарға ақ таяғын көтеріп, жолдың кез келген жерінен өтуіне құқы бар екенін айтты.

Өткен жылдан бері Қостанай қаласында жүргіншілер жолында зағип жандар басқанда жол қозғалысының бағытын сезіне алатын плиткалар төселді. Сары түсті зағиптар басқа түске қарағанда жеңіл айыра алады. Кездесуде полицейлер зағип жандарға түнде жүргенде жол ережесіне көмек беретін арнайы жарқыл беретін лента таратты.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар